Accessibility links

Орал тұрғыны наразылық акциясын өткізді


Оралдық тұрғын Ақтоты Нұрғалиева пикет өткізіп тұр. Орал, 18 тамыз 2015 жыл.

Оралдық тұрғын Ақтоты Нұрғалиева пикет өткізіп тұр. Орал, 18 тамыз 2015 жыл.

Бүгін тұрғын Оралда Ақтоты Нұрғалиева қала әкімінен өзін жиһаз цехының жанынан көшіруді талап етіп наразылық акциясына шықты. Оралдық тұрғын үйінің жанында орналасқан "Каризма" жиһаз компаниясы оның осы аймақта тұруына кедергі жасайтынын айтып, әкімшілікті цехқа жерді заңсыз берді деп айыптайды.

Бір апта бұрын Ақтоты Нұрғалиева қалалық әкімдік алдында рұқсатсыз наразылық танытқан. Бұл жолы наразылық акциясына билік рұқсат еткен. Акция қаладағы заңды түрде наразылық акциясын өткізуге болатын жалғыз орын - жөндеу зауыты жанындағы саябақта өтті.

51 жастағы Ақтоты Нұрғалиеваның айтуынша, 2008 жылы қалалық әкімдік үйінің жанынан "Каризма" жиһаз компаниясына жер берген. Қазір жиһаз жасайтын компания оның осы аймақта тұруына кедергі келтіреді. Ол әкімдікті жерді заңсыз берді деп айыптайды. Қалалық жер бөлімі Нұрғалиеваның үйі тұрған жер телімін иесіз деп ұйғарған. 2014 жылы қыркүйекте Орал қалалық соты жер бөлімінің шешімін заңсыз деп тауып, күшін жоюға шешім шығарған. Бірақ Нұрғалиева сот шешімі әлі орындалмай жатқанын айтады. Ол әкімдіктен үйінің жанындағы жиһаз цехының жұмысын тоқтатуды немесе қаладан баспана алып беруді талап етеді.

XS
SM
MD
LG