Accessibility links

Бангкоктегі жарылысқа күдіктінің суреті жарияланды


Бангкоктегі жарылыс болған индуистік Эраван храмының жаны. Таиланд, 18 тамыз 2015 жыл.

Бангкоктегі жарылыс болған индуистік Эраван храмының жаны. Таиланд, 18 тамыз 2015 жыл.

Таиланд полициясы Бангкоктегі индуистік Эраван храмы жанында болған жарылысқа күдіктінің суретін жариялады. Соңғы нақтыланған мәліметтер бойынша, 17 тамызда болған жарылыстан 22 адам қаза тауып, 120-дан астам адам жараланған. Қаза тапқандар мен жараланғандар арасында шетелдіктер де бар.

Телеарнадан көрсетілген бақылау камерасы видеосында рюкзак асынған белгісіз бір адамның храм жанына келгені және жарылыстан соң ол жерден рюкзаксыз кетіп қалғаны көрінеді. Полиция әзірге оның Таиланд азаматы екенін анықтай алмай отыр. Болжам бойынша, шабуылға бірнеше адамның қатысы бар. Полиция жарылысқа таяуда Таиландтан Қытайға 109 ұйғырдың депортациялануының да қатысы болуы мүмкін деген болжам барын айтады.

Бүгін Бангкокте екінші жарылыс болған. Белгісіз ер адам қала орталығындағы көпірден адам көп жиналып тұрған кеме аялдайтын орынға қарай шағын бомба лақтырған. Бомба каналға түсіп, ешкім зардап шеккен жоқ. Бангкокте қауіпсіздік шарасы күшейтіліп, қалаға он мыңнан астам полицей мен сарбаз тартылды.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Бангкоктегі жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоғын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG