Accessibility links

Ресейде ТМД әскери-әуе күштері жаттығуы басталды


Ресейдің С-300 зенит зымыран кешендері. (Көрнекі сурет).
Ресейдің С-300 зенит зымыран кешендері. (Көрнекі сурет).

Ресей қорғаныс министрлігі 18 тамызда ТМД елдерінің біріккен әуе қорғанысы күштері жаттығуының алғашқы кезеңі басталғанын хабарлады.

Министрлік Мәскеу облысындағы жиырма әуе қорғанысы мен зымыраннан қорғаныс бөлімінің ТМД елдерінің "Әскери ынтымақтастық - 2015" жаттығуына қатысу үшін дабыл бергісімен дайындыққа келтірілгенін айтады. Біріккен әскери жаттығу 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жаттығуға зымыраннан қорғаныс кешендері, жойғыш ұшақтар, шабуылдаушы тікұшақтар, құрлықтағы шабуылға әуеден жірдем беруші ұшақтар, әскери жүк тасымалдаушы ұшақтар мен 1 мыңнан астам әскери қызметкер қатыспақ.

Министрлік жаттығудың бірінші кезеңі аяқталған соң әскер мен әскери техникалар Астрахань облысындағы Ашулық полигонына жеткізілетінін айтады.

Әскери жаттығуға Ресейден өзге ТМД-дан Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан және Армения әскерилері қатысып жатыр. ТМд-ның қалған елдері жаттығуға бақылаушы ретінде қатысады.​

XS
SM
MD
LG