Accessibility links

Чемпиондар лигасы: "Астана" АПОЭЛ-ді жеңді


"Астана" командасының ойыны. (Көрнекі сурет)

"Астана" командасының ойыны. (Көрнекі сурет)

Футболдан Қазақстан чемпионы «Астана» командасы Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ командасын 1:0 есебімен жеңді.

Астанада өткен матчтағы жалғыз голды кездесудің 14-минутында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Жолшиев салды.

Енді қарымта матч 26 тамызда Кипр астанасы Никосияда өтеді. Қос матч нәтижесі бойынша басымдық танытқан команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайды.

Егер «Астана» екі матч қорытындысы бойынша жеңсе, онда Қазақстан клубтары арасынан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы команда болмақ.

XS
SM
MD
LG