Accessibility links

Ресейде "заңсыз азық-түлік" жайлы хабарлайтын желі ашылды


Ресей билігінің "заңсыз өнімдерді жою" шарасына наразылық білдіріп тұрған тұрғын. Мәскеу, 15 тамыз 2015 жыл.

Ресей билігінің "заңсыз өнімдерді жою" шарасына наразылық білдіріп тұрған тұрғын. Мәскеу, 15 тамыз 2015 жыл.

Ресей бас прокуратурасы шетелдік азық-түлік импорты жайлы хабарлар қабылдайтын арнайы телефон желісін ашты. Кез келген тұрғын екі телефон нөмеріне тағы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін хабарласып, тыйым салынған азық-түлік импорты туралы ақпаратпен бөлісе алады.

Қырымды аннексиялағаны және Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерге қолдау көресткені үшін Батыс елдерінің Ресейге салған санкциясына жауап ретінде Мәскеу АҚШ, Австралия, Жапония және Еуроодақ елдерінен келетін азық-түліктерді тұтынуға тыйым салған.

Соңғы уақытта Россельхознадзор мекемесі тәркіленген «заңсыз өнімдердің» жойылғаны туралы ақпаратты жиі таратып келеді. Шеттен импортталған бірнеше тонна азық-түлік өнімдерін арнайы техникамен таптап, өртеп жойған. Биліктің бұл әрекеті әлеуметтік жағдайы қиындаған тұрғындар тарапынан сынға ұшырады.

XS
SM
MD
LG