Accessibility links

Тәжік саясаткерін сұхбаттан соң алыстағы түрмеге ауыстырды


Тәжікстан демократиялық партиясының бұрынғы жетекшісі Махмадрузи Искандаровтың суреті.

Тәжікстан демократиялық партиясының бұрынғы жетекшісі Махмадрузи Искандаровтың суреті.

Қамаудағы тәжік саясаткері, Тәжікстан демократиялық партиясының бұрынғы жетекшісі Махмадрузи Искандаров Азаттық радиосына сұхбат берген соң шалғайдағы колониялардың біріне ауыстырылған.

23 жылға сотталған саясаткер өткен аптада Азаттық радиосына сұхбат беріп, 1992-1997 жылдары болған Тәжікстандағы соғыстан кейін жасалған бейбіт келісімшарттың «дұрыс жасалмағанын» айтқан еді.

Тәжікстан билігі Искандаровтың Душанбедегі түрмеден шалғайдағы Вахдат қаласындағы колонияға ауыстырылғанын растағанымен, оның себебі жайлы түсінік беруден бас тартты.

«ТәжікГаз» компаниясының бұрынғы басшысы Махмадрузи Искандаров «заңсыз қару сақтау», «терроризм» және «қызметін бабын асыра пайдалану» баптары бойынша айыпталып, 23 жылға сотталған. Оның жақтастары Искандаров ісінің саяси астары бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG