Accessibility links

ЮНИСЕФ: Йеменде соғыстан 400-ге жуық бала өлген


Жарақат алған бала мен оның анасы. Сана, Йемен, 28 шілде 2015 жыл.

Жарақат алған бала мен оның анасы. Сана, Йемен, 28 шілде 2015 жыл.

Наурыз айынан бері Йемендегі қарулы қақтығыстан 398 бала мерт болып, 600 бала жарақат алса, 377 бала түрлі террорлық топтардың қатарына қосылған. Бұл туралы БҰҰ балалар қоры – ЮНИСЕФ мәлімдеді.

ЮНИСЕФ есебінде Йемендегі қақтығыстар салдарынан 1,3 миллион бала үйін тастап босып кеткені айтылған.

Йемендегі қақтығыстан барлығы 4300 адам мерт болған. Олардың көбі – бейбіт тұрғындар.

Наурызда Сауд Арабиясы мен сүнниттік араб елдері Йеменде астанасы Сананы басып алған шиит хуситтеріне қарсы әуе шабуылдарын бастаған. Хуситтер ел президенті Абд-Раббу Мансур Хадиді елден кетуге мәжбүр еткен еді.

Йеменнің көпшілік бөлігін бақылауда ұстап тұрған хуситтер қарамағындағы территорияларды босату талаптарына мойынсұнбай отыр.

XS
SM
MD
LG