Accessibility links

Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды


Шымкент қаласы әкімі Ғабидулла Абдрахимов (Сурет Twitter әлеуметтік желісінен алынды).
Шымкент қаласы әкімі Ғабидулла Абдрахимов (Сурет Twitter әлеуметтік желісінен алынды).

Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Ғабидулла Абдрахимов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

40 жастағы Ғабидулла Абдрахимов мамандығы бойынша экономист-бухгалтер, «Болашақ» бағдарламасымен Германияда магистратураны тәмамдаған. 2013 жылдан бері президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметінде істеген.

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG