Accessibility links

Алматыда доллардың теңгеге бағамы күрт өсті


Қазақстан теңгесінің АҚШ доллары, еуро және Ресей рубліне шаққандағы бағамы көрсетілген электронды тақтайша. Алматы, 19 тамыз 2015 жыл.
Қазақстан теңгесінің АҚШ доллары, еуро және Ресей рубліне шаққандағы бағамы көрсетілген электронды тақтайша. Алматы, 19 тамыз 2015 жыл.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында бүгін теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы күрт өсті.

Жергілікті уақыт бойынша сағат күндізгі 12-ге дейін кейбір коммерциялық банктерде тұрғындардан 1 АҚШ долларын 196 теңгеден сатып алып, 198 теңгеден сатып жатыр деп хабарлады Азаттық тілшісі. Бұдан бірер сағат бұрын ғана доллардың орташа бағамы 189-190 теңге деңгейінде болған деп хабарлайды жергілікті баспасөз.

Астана қаласында да бүгін таңертең доллардың орташа бағамы 189-190 теңге болса, қазір кейбір айырбас орындарында доллар саудасы уақытша тоқтап тұр деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Қазақстан қор биржасы бүгін таңертеңгі сауда нәтижесі бойынша, АҚШ долларының бағамы 188,38 теңгені құрағанын хабарлаған.

Сейсенбі күні Қазақстан Ұлттық банкінің тамыздың 19-ына белгілеген ресми бағамымен 1 АҚШ доллары 188,35 теңгеге тең деп көрсетілген.

Ұлттық банк шілденің 15-інен бастап теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамының жаңа ауытқу шегін 170-198 теңге аралығында белгілеген еді. Оған дейінгі ең жоғарғы ауытқу шегі 188 теңге болған.

19 тамызда Астанадағы валюта өзгерісі туралы видео:

Қазақстанда доллар тағы қымбаттады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

XS
SM
MD
LG