Accessibility links

Ресейде Эстония азаматы "тыңшылық" айыбымен сотталды


Ресей арнайы қызмет күштерінің Эстония ішкі қауіпсіздік қызметі офицері Эстон Кохверді ұстау сәті.

Ресей арнайы қызмет күштерінің Эстония ішкі қауіпсіздік қызметі офицері Эстон Кохверді ұстау сәті.

Ресей соты Эстония ішкі қауіпсіздік қызметінің офицері Эстон Кохверді "тыңшылық жасады" деген айыппен 15 жылға соттады. Сот үкімі бойынша, Кохвер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді және бұған қоса 100 мың рубль (шамамен 13 мың АҚШ доллары) айыппұл төлейді.

Таллин Эстон Кохверге тағылған айыпты жоққа шығарады. Эстония арнайы қызметінің ұйғарымынша, Кохвер өткен жылы 5 қыркүйекте Эстония территориясында адамға аса зардап шектірмейтін граната жарылысынан қоршауда қалып қойып, Ресей агенттері оны қарумен қорқытып ұрлап әкеткен. Эстония билігі Кохвер шекара маңында контрабандалық әрекетпен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ туралы іс бойынша құпия мәлімет берушімен кездеспек болған, бірақ оны мұқият ойластырылған операция арқылы ұрлап әкетті дейді.

Ресей арнайы қызметі Кохверді Уэльсте НАТО саммиті өтіп жатқан кезде, АҚШ президенті Барак Обама Эстонияға барып қайтқан соң ұстаған.

XS
SM
MD
LG