Accessibility links

Шымкентте де доллар бағамы көтерілді


Валюта айырбастайтын орында Қазақстан теңгесінің АҚШ доллары, еуро және Ресей рубліне шаққандағы бағамы көрсетілген. Шымкент, 19 тамыз 2015 жыл.

Валюта айырбастайтын орында Қазақстан теңгесінің АҚШ доллары, еуро және Ресей рубліне шаққандағы бағамы көрсетілген. Шымкент, 19 тамыз 2015 жыл.

Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы бойындағы ақша айырбастау пунктерінде бүгін таңертеңнен бастап доллар 198 теңгеден сатылып жатыр.

Ақша айырбастау пунктеріндегі сатушылардың Азаттық тілшісіне айтуынша, доллар бағамы бүгін таңертеңнен бастап көтерілген.
"Кеше 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағасы 189 теңге болатын. 188 теңгеден долларды сатып алып, 189 теңгеден саттық. Ал бүгін таңертеңнен бастап 1 доларды 196 теңгеден сатып алып, 198 теңгеден сатып жатырмыз" дейді бірнеше айырбас пунктіндегі сатушылар.

Сатушылар доллар бағамы неліктен көтерілгенін білмейтіндерін, өздері бағаны банктердегі бағамен көтергендерін айтты.

Бүгін Алматыда түске дейін кейбір коммерциялық банктерде тұрғындардан 1 АҚШ долларын 196 теңгеден сатып алып, 198 теңгеден сатып жатты.

Астана қаласында да бүгін түске шейін доллардың бағамы осы шамалас болып өзгерді.

Сейсенбі күні Қазақстан Ұлттық банкінің тамыздың 19-ына белгілеген ресми бағамымен 1 АҚШ доллары 188,35 теңгеге тең деп көрсетілген.

Ұлттық банк шілденің 15-інен бастап теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамының жаңа ауытқу шегін 170-198 теңге аралығындабелгілеген еді. Оған дейінгі ең жоғарғы ауытқу шегі 188 теңге болған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG