Accessibility links

Грузия Ресей әскері жаттығуын айыптады


Грузия президенті Георгий Маргвелашвили.
Грузия президенті Георгий Маргвелашвили.

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили Ресейдің Грузияның жікшіл Абхазия және Оңтүстік Осетия аймақтарында әскери жаттығу өткізгенін айыптады. Маргвелашвили кеңсесі "Грузияның басып алынған территорияларында әскери жаттығу өткізу құптарлық іс емес" деп мәлімдеді.

Маргвелашвилидің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Тенгиз Пхаладзе 19 тамызда Грузия президенті халықаралық қауымдастықты Ресейдің Грузия территориясында әскери жаттығу өткізуіне қатысты баға беруге және тиісті әрекет етуге шақыратынын айтты.

2008 жығы тамызда Ресей мен Грузия арасында болған қысқа қақтығыстан соң Ресей Абхазия және Оңтүстік Осетия аймақтарының "тәуелсіздігін" мойындаған. Содан бері Ресей әскері аймақ билігін қолдап, орнығып қалды.

Грузия Абхазия мен Оңтүстік Осетияны Ресей заңсыз басып алған өз аймағы санайды.

XS
SM
MD
LG