Accessibility links

Талдықорғанда екі сауда орталығы өртенді


Алматы облысының аумақтық картасы.
Алматы облысының аумақтық картасы.

Талдықорғанда 19 тамыз күні кешкі 19:00-де "Болашақ" пен "Мир обуви" сауда орталықтарында өрт шықты. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 2,5 мың шаршы метр ауданды шарпыған.

Өртті өшіруге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 80 адамы жұмылды, мародерлік жағдайлар болмас үшін базар маңында 500 полиция мен ішкі әскер солдаттары күзетте тұрған.

Өрт Астана уақыты бойынша 21:20-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келген материалдық шығын анықталып жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

XS
SM
MD
LG