Accessibility links

НАТО: Сепаратистердің жаңа аймақты басып алуына жол берілмейді


Украина әскерилері. (Көрнекі сурет)
Украина әскерилері. (Көрнекі сурет)

НАТО мүшелері ресейшіл сепаратистердің Украинаның шығысында жаңа территорияны басып алуына жол берілмейтінін мәлімдеп, Мәскеуге ескерту жасады.

28 ел біріккен альянстың мәлімдемесінде Украинадағы қақтығысты тоқтату Ресейге байланысты екені айтылған. НАТО Украина мен сепаратистерді қақтығысты ушықтырмауға және ұстамдылыққа шақырған.

НАТО мәлімдемесінде сепаратистердің Шығыс Украинада жаңа территорияны басып алуға талпынысы «халықаралық келісімдерге сай емес деп бағаланатыны» айтылған.

2014 жылдың наурызынан бері Украинадағы қақтығыстан 6400 адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG