Accessibility links

Қазақстан теңге бағамын еркіне қоя берді


Премьер Кәрім Мәсімовтің үкімет жаңа экономикалық саясатқа өтетіні туралы мәлімдемесін үкімет үйіндегі баспасөз орталығында журналистер тыңдап отыр. Астана, 20 тамыз 2015 жыл.
Премьер Кәрім Мәсімовтің үкімет жаңа экономикалық саясатқа өтетіні туралы мәлімдемесін үкімет үйіндегі баспасөз орталығында журналистер тыңдап отыр. Астана, 20 тамыз 2015 жыл.

Қазақстан бүгіннен бастап ұлттық валюта – теңге бағамын еркіне жіберді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

«Ұлттық банк пен үкімет 2015 жылдың 20 тамызынан бастап инфляциялық таргеттеу режимі негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатына жүзеге асыруға өтеді, валюта дәлізін алып тастап, теңге бағамын еркіне жібереді. Айырбас бағамы әлемдік экономикадағы жағдайға байланысты әлсіреуі немесе нығаюы мүмкін» деді премьер-министр.

Оның сөзінше, Ұлттық банк айырбас бағамының нарықтағы қалыптасуына араласпайды. «Бірақ егер қаржы жүйесінде тұрақсыздық қаупі туындаған жағдайда валюталық интервенциялар өткізу жолымен ішкі валюталық нарыққа қатысуы ықтимал» деді премьер.

Мәсімов экспорттық түсімдердің азаюы республикалық бюджеттің кірісі мен елдің төлем балансына кері әсер ететінін айтқан.

Кеше Қазақстандағы коммерциялық банктер мен валюта айырбастайтын орындарында бір АҚШ долларының бағамы 198 теңгеге жетті. Теңге бір күнде құнын 4,4 пайызға жоғалтты. Қазақстанда мұндай құлдырау 2014 жылдың ақпанындағы теңге девальвациясынан бері болмаған еді. Қазақстан билігі биыл теңгенің күрт құлдырауына себеп жоқ деп бірнеше рет мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG