Accessibility links

Путин АҚШ боксшысына Ресей азаматтығын сыйлады


Ресей төлқұжаты. (Көрнекі сурет)

Ресей төлқұжаты. (Көрнекі сурет)

Ресей азаматтығын алуға тілек білдірген АҚШ кәсіпқой боксшысі кіші Рой Джонстың өтінішін Ресей президенті Владимир Путин қанағаттандыруға келіскен.

Әлемдік ақпарат құралдары 46 жастағы боксшы мен Путиннің Қырымдағы Севастополь портында шай ішіп тұрған суреттерін жариялады.

Джонс қазір көбіне рэп орындап, киноға түсумен айналысады. Қырымдағы бокс шоуына келген ол: «егер менде Ресей төлқұжаты болғанда бұл елге келіп-кету жеңіл тиер еді. Маған Ресей халқының спортты сүйетіні ұнайды» деген.

Джонс спорт АҚШ пен Ресей арасын «жалғасытырар көпір болатынына» сенетінін айтқан.

Мәскеу 2014 жылы Қырым түбегін аннексиялап алған соң екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қырғи-қабақ соғысы кезінен бері болмаған салқындық түскен еді.

XS
SM
MD
LG