Accessibility links

Ресей НАТО әскери жаттығуына "алаңдай" бастады


НАТО әскері "Жедел әрекет 15" жаттығуына дайындалып жатыр. Польша, 18 тамыз 2015 жыл.

НАТО әскері "Жедел әрекет 15" жаттығуына дайындалып жатыр. Польша, 18 тамыз 2015 жыл.

Ресей депутаттары НАТО-ның Еуропада өткізіп жатқан әскери-әуе күштері жаттығуына "қорғаныстан гөрі арандатушылықты көздейді және қауіп төндіреді" деп алаңдаушылық білдіре бастады.

НАТО-ның "Жедел әрекет 15" деп аталатын әскери жаттығуғына 11 мемлекеттен 5 мыңға тарта әскери қатысып жатыр. 15 тамызда басталып, 13 қыркүйекке дейін созылатын жаттығу Германия, Италия, Болгария және Румынияда өтеді.

АҚШ армиясы бұған дейін жаттығу "жоғары дайындық" пен "Еуропадағы қауіпсіздікті күшейту үшін өткізіліп жатқанын мәлімдеген.

Бірақ мемлекеттік думаның қорғаныс комитеті басшысы Владимир Комоедов 19 тамызда Ресей НАТО жаттығуына жауап ретінде өз әскерін "жоғары дайындықта" ұстайтынын мәлімдеді. Федерация кеңесінің халықаралық қатынастар комитетінің жетекшісі Константин Косачьев жаттығудың Украина шығысында таяуда жағдайдың ушығуына "май құя түскенін" мәлімдеді. "НАТО-ның кең ауқымда әскери жаттығу өткізуі Киевтің тағы бір көзсіз әрекетін қолдаумен тең" деді Косачьев.

XS
SM
MD
LG