Accessibility links

Келімбетов: Валюта бағамын ұстап тұру елесі келмеске кетті


Ұлттық банк басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов брифингте сөйлеп отыр. Астана, 20 тамыз 2015 жыл.

Ұлттық банк басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов брифингте сөйлеп отыр. Астана, 20 тамыз 2015 жыл.

Ұлттық банктің басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов "валюта бағамын тұрақты ұстау елесі" келмеске кеткенін мәлімдеді.

Астанада өткен брифингте Келімбетов жаңа қаржы-несие саясатына көшу - "инфляциялық таргеттеу" шешімі өткен жылы қабылданғанын айтты. "Айырбас бағамын белгілі бір шекте ұстап тұру "елесі" өткен шақтың еншісіне кетті. Инфляциялық таргеттеуге көшудің соңғы кезеңі бүгін аяқталып, теңге еркін айналымға жіберілді" деді Келімбетов.

Келімбетов келтірген ередже бойынша, долларды сату мен сатып алу арасындағы айырма екі теңгеден аспауы тиіс. Валюта айырбастау пунктері теңгенің айырбас бағамын күніне бір рет бекітуі тиіс және жұма күні белгіленген бағам келесі аптаның басына дейін сақталуы шарт.

Бүгін үкімет валюта дәлізін жойып, теңге бағамын еркін айналымға жіберген. Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) ертеңгілік саудада 1 АҚШ долларының бағамы 255 теңге 26 тиынды құрады. Бұл - кешегі айырбас бағамынан шамамен 30 пайызға жоғары.

XS
SM
MD
LG