Accessibility links

Каирде жарылыстан 6 полицей жараланды


Каирдегі жарылыс болған аудан. Египет, 20 тамыз 2015 жыл.
Каирдегі жарылыс болған аудан. Египет, 20 тамыз 2015 жыл.

Каирде бүгін үкімет ғимараты маңында болған көлік жарылысынан алты полицей жараланып, жақын маңда орналасқан ғимараттар бүлінді. Әзірге жарылыстан қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Жарылыстан үкімет ғимараты қоршауының бір бөлігі қираған.

Әлеуметтік желі қолданушыларының ұйғарымынша, жарылыс үні оқиға орнынан 10 километр қашықтықта естілген. Египет билігі жарылғыш зат тиелген көлік жүргізушісі көлігін ұлттық қауіпсіздік агенттігі ғимараты алдына қойып, мотоциклмен қашып кеткенін айтады. Жарылғыш зат қашықтан іске қосылған.

Каирдегі жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

XS
SM
MD
LG