Accessibility links

Қырғызстанда теңге арзандады


Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінің біріндегі валюта бағамы көрсеткіштері. 20 тамыз 2015 жыл.
Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінің біріндегі валюта бағамы көрсеткіштері. 20 тамыз 2015 жыл.

Қазақстанда 20 тамызда теңге бағамының құнсыздануы Қырғызстан банктері мен айырбас пунктеріне де бірден әсер етті.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Бішкектегі айырбас пунктінде бүгін түс уақытында теңгенің сатып алу бағамы 0,2 (20 тиын) сом, сату бағамы 0,3 сом (30 тиын) болды.

Қырғызстан Ұлттық банкі төрағасы Толкунбек Әбдіғұлов теңге бағамының құлдырауы Қырғызстан экономикасына әсер етпейтінін айтып, нарықтағы жағдайдың бұдан ары қалай болатынын сұраныс пен ұсыныс айқындайтынын хабарлаған. Қырғызстан Ұлттық банкінің бүгінге белгілеген бағамы бойынша, теңгенің сатып алу бағамы 24 тиын, сату бағамы 32 тиынды құрайды.

Бүгін Қазақстан үкіметі валюта дәлізін жойып, теңге бағамын еркін айналымға жіберген. Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) ертеңгілік саудада 1 АҚШ долларының бағамы 255 теңге 26 тиынды құрады. Бұл - кешегі айырбас бағамынан шамамен 30 пайызға жоғары.

XS
SM
MD
LG