Accessibility links

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея шекарасында оқ атылды


Солтүстік Кореямен шекарадағы демилитарлық аймақта тұрған оңтүстік кореялық шекарашы. (Көрнекі сурет).

Солтүстік Кореямен шекарадағы демилитарлық аймақта тұрған оңтүстік кореялық шекарашы. (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея әскерилері бүгін шекара маңында бір-бірін артиллериядан атқылады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, атысқа Солтүстік Корея жағының Оңтүстік Корея территориясында орналасқан, өткен аптада Пхеньянға қарсы үгіт-насихат айтылған дауыс зорайтқышты зымыранмен атқылауы себеп болған.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі Солтүстік Кореяның зымыран атылған аймағын калибрі 155 миллиметрлік артиллериядан атқылағанын хабарлады. Оңтүстік Корея артиллериясынан соң Солтүстік Корея жағы артиллериядан оқ жаудырған.

Солтүстік Корея бұған дейін Оңтүстік Кореяның шекарада дауыс зорайтқыш арқылы "Пхеньянның арандатушылық әрекеттерін" сынап, Сеулдің демократиялық жүйесін мақтаған насихаттауына қарсы шара қолданатынын мәлімдеген.

Сеул өткен аптада Солтүстік Корея әскерилерінің шекарадағы демилитаризацияланған аймаққа мина орнатқанын айыптайтын хабар тарата бастаған. Өткен аптада шекарадағы мина жарылысынан оңтүстік Кореяның екі шекарашысы жараланған.

XS
SM
MD
LG