Accessibility links

Мәсімов: Қазақстанға дефолт болу қаупі жоқ


Премьер-министр Кәрім Мәсімов брифингте сөйлеп отыр. Астана, 20 тамыз 2015 жыл.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов брифингте сөйлеп отыр. Астана, 20 тамыз 2015 жыл.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін үкімет пен Ұлттық банк қабылдап жатқан шаралар елде дефолт болуына жол бермейді деп мәлімдеді.

Астанада өткен брифингте Мәсімовтің айтуынша, қазір экономиканы долларсыздандыру мен несиені теңгемен беру саясатына басымдық беріліп отыр. Ол бұған қоса үкімет ең қажетті тұтыну тауарлары бағасының қымбаттап кетуіне жол бермейтін шаралар жасайтынын да айтты.

Бүгін таңертең үкімет валюта дәлізін жойып, теңге бағамын еркін айналымға жіберген. Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада 1 АҚШ доллары 255 теңге 26 тиыннан сатылды. Бұл - доллардың кешегі бағамынан шамамен 30 пайызға қымбат.

Бүгін Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінде күндіз доллар бағамы 254 теңгеден асты. Мәсімовтің сөзінше, теңгенің долларға шаққандағы теңгерімді бағамы бес-жеті күн ішінде түзіледі.

XS
SM
MD
LG