Accessibility links

Киев Қырымдағы мемлекет меншігіне қайтару шығынын атады


Киев Қырымның уақытша прокуроры етіп тағайындаған Назар Холодницкий. Киев, 20 тамыз 2015 жыл.
Киев Қырымның уақытша прокуроры етіп тағайындаған Назар Холодницкий. Киев, 20 тамыз 2015 жыл.

Украина Қырымдағы өнеркәсіп орындарын Ресейдің мемлекет меншігіне өтуінен тартқан шығынды 50 миллиард гривенге (шамамен 2 миллиард АҚШ доллары) бағалады. Бұл жайында бүгін Киев Қырымның уақытша прокуроры етіп тағайындаған Назар Холодницкий баспасөз жиынында айтты.

Холдницккийдің сөзінше, Украинаның мемлекеттік мүлігі мен заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін заңсыз меншіктеп алу фактісі 20-дан астам қылмыстық іс қозғалған.

Ресей Қырымды 2014 жылдың наурызында өткен аймақ мәртебесі туралы референдумнан кейін қосып алған. Украина, Еуропа Одағы мен АҚШ Қырымның ресейшіл билігі өткізген референдум қорытындысы мен Мәскеудің әрекетін заңсыз деп санайды.

Аннексиядан соң жергілікті билік аймақтағы Украинаның жеке және мемлекет меншігіндегі компанияларын мемлекетке қайтаруға шешім шығарған. Киев бұл шешімді заңсыз дейді.

XS
SM
MD
LG