Accessibility links

Назарбаев: Шенеуніктер штаты мен жалақысы көбеймейді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада қазақстандық бизнесмендермен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерімен кездесіп, 2018 жылға қарай бюджет тапшылығы бір пайызға дейін азайтылуы тиіс деп мәлімдеді.

"2016-2018 жылдарға арналған кез-келген жаңа бастамаларға, шенеуніктер штатын кеңейтіп, жалақыларын көбейтуге мораторий жариялаймын. Егер жағдай ертерек оңалып, тұрақтанғандай болып жатса, тағы көреміз" деді Назарбаев.

Үкімет пен Ұлттық банк бүгін валюта дәлізін жойып, теңге бағамын еркін айналымға жіберген.

Кездесуде бизнесмендер мен ірі кәсіпорын иелері теңгенің еркін айналымға жіберілгенін қолдап, сөз сөйледі. Бизнесмендердің сөзінше, жаңа қаржы-несие саясатынан соң кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқарту болмайды.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада 1 АҚШ доллары 255 теңге 26 тиыннан сатылды. Бұл - доллардың кешегі бағамынан шамамен 30 пайызға қымбат.

XS
SM
MD
LG