Accessibility links

Словакияда ұшақ апатынан 7 адам қаза тапты


Ұшақ апатқа ұшыраған жерде жүрген құтқарушылар. Словакия, 20 тамыз 2015 жыл.
Ұшақ апатқа ұшыраған жерде жүрген құтқарушылар. Словакия, 20 тамыз 2015 жыл.

Словакияның батысында бүгін парашютистер мінген екі спорт ұшағы соқтығысып, 7 адам қаза тапты. Оқиғадан төрт адам жараланған.

Екі L-410 Turbolet ұшағының бортында барлығы 38 адам болған. Апаттан екі ұшақтың төрт пилоты бірдей және үш спортшы мерт болған. Қалған адамдар парашютпен секіріп аман қалған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 1300 метр биіктікте ұшақтардың бірі кенет төмен құлдилап, екінші ұшақтың үстіне түскен. Екі ұшақ та Словакияның Чехиямен шекарасына жақын Червен Камен елді мекені аумағына құлаған.

Словакия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ұшақтар парашютистерді таяуда болатын әуе шоуына дайындықтан өткізбек болған. Парашютистер 4 мың мерт биіктіктен топталып секірмек болған.

XS
SM
MD
LG