Accessibility links

Доллардың ресми бағамы 255 теңгеден асты


Теңгенің долларға шаққандағы өзгерісі көрсетілген диаграмма.
Теңгенің долларға шаққандағы өзгерісі көрсетілген диаграмма.

Ұлттық банктің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бүгінгі бағамы 255,26 теңгені құрайды

Алматыдағы коммерциялық банктерде долларды сату бағасы 253 теңге, ал сатып алу – 251 теңге деп көрсетілген.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, бір АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді.

XS
SM
MD
LG