Accessibility links

Македония шекарада төтенше жағдай енгізді


Шекара маңында мигранттардың жанында тұрған македониялық әскери адам. (Көрнекі сурет)

Шекара маңында мигранттардың жанында тұрған македониялық әскери адам. (Көрнекі сурет)

Мыңдаған мигрант Грекия жақтан шекараны кесіп өтпек болғаннан кейін Македония үкіметі ел шекарасында төтенше жағдай енгізді.

Македонияның Гавгелия қаласындағы шекара маңында жүздеген адам тұрып қалған. Полиция оларды қаладағы вокзалға өткізбеу туралы биліктен бұйрық алған.

Тессалоники – Скопье бағытындағы пойыз жолын мигранттар жауып тастаған. Соның салдарынан шекараның Грекия жағында екі жүк және бір жолаушылар пойызы тоқтап тұр. Македония – мигранттар үшін Грекиядан Еуропа одағының өзге елдеріне өтетін негізгі транзиттік елге айналып отыр.

XS
SM
MD
LG