Accessibility links

Қытайға 3,3 миллион теңге алып өтпек болған адам ұсталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан мен Қытай шекарасында 3,3 миллион теңгені алып өтпек болған 48 жастағы әйел адам ұсталған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Шекара қызметінің ақпаратында үлкен сомадағы ақшаны Қытайға алып өтпек болған Қазақстан азаматы Қорғас шекара бекетінде ұсталғаны айтылған.

Ұсталған адамнан табылған қаржы кеден органдарына берілген.

XS
SM
MD
LG