Accessibility links

Цинциннати турнирі: Шведова жұптық сынның 1/2 финалына шықты


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова.
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова австралиялық спортшы Кейси Деллаквамен бірге жұп құрап, АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына шықты.

Олар ширек финилда Елена Веснина (Ресей) мен Елена Янкович (Сербия) жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Енді Шведова мен Деллаква жұбы жартылай финалда тайпейлік Чжуан Цзяжун және Се Шувэй жұбымен кездеседі. Матч 22 тамызда өтеді.

XS
SM
MD
LG