Accessibility links

Порошенко: Соғыс жағдайында "ағайынды халық" болмайды


Украина президенті Петр Порошенко халық арасында.

Украина президенті Петр Порошенко халық арасында.

Украинаның қоғам қайраткерлерімен кездесуде Украина президенті Петр Порошенко Ресей президенті Владимир Путиннің "орыс пен украин - бір тұтас халық" деген мәлімдемесіне орай өз пікірін білдірді.

"Соғыс жағдайында бір тұтас халық жоқ. Қазір Еуропаға ұмтылған біртұтас украин халқы мен дағдарыстағы орыс халқы бір бөлек" деді Украина президенті.

17 тамызда Қырымға барған Путин орыс пен украин бір халық екенін, болашақта Украина Ресеймен бірге даму жолын таңдайтынына үмітті екенін айтқан.

Путин өз сөзінде Украина билігіне шетелдіктерді тағайындауды "масқаралық" деп те бағалаған.

XS
SM
MD
LG