Accessibility links

Ким Чен Ын әскерін шабуылға дайын болуға бұйырды


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын ел әскерін кез келген уақытта шабуылға дайын болуға бұйрық берді.

Ким Чен Ынның мәлімдеуінше, қазір Солтүстік Корея "жартылай соғыс" жағдайында тұр. Ел әскерін дайындау туралы шешім Еңбек партиясы орталық әскери комитетінің жиынында шығарылған.

20 тамызда Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея әскерилері шекара маңында бір-бірін артиллериядан атқылаған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, атысқа Солтүстік Корея жағының Оңтүстік Корея территориясында орналасқан, өткен аптада Пхеньянға қарсы үгіт-насихат айтылған дауыс зорайтқышты зымыранмен атқылауы себеп болған.

Солтүстік Корея бұған дейін Оңтүстік Кореяның шекарада дауыс зорайтқыш арқылы "Пхеньянның арандатушылық әрекеттерін" сынап, Сеулдің демократиялық жүйесін мақтаған насихаттауына қарсы шара қолданатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG