Accessibility links

"Лукойл" Қазақстандағы акциясының 50 пайызын сатты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресейдің ең ірі жекеменшік "Лукойл" компаниясы Қазақстандағы бірнеше кеніштен мұнай өндірумен айналысатын Caspian Investment Resources (CIR) компаниясындағы акция пакетін сатуды аяқтағанын мәлімдеді."Лукойл" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания CIR-дегі акция пакетінің 50 пайызын қытайлық Sinopes мұнай химиясы корпорациясына 1,09 миллиард АҚШ долларына сатқан.

Қазақстандағы Теңіз, Қарашығанақ және Құмкөл кеніштерінен мұнай өндіретін "Лукойл" компаниясы Қазақстанның мұнай саласындағы Ресейдің ең ірі ойыншысы болып қалып отыр.

Өткен жылы "Лукойл" мен Sinopec алғаш құны 1,2 миллиард АҚШ доллары болатын келісім жасасқан. Бірақ ақпан айында Sinopec келісімді аяқтаудан бас тартып, "Лукойл" арбитр сотына жүгінген.

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі ең ірі Қашаған мұнай кенішін өңдеуге қатысып жатқан өзге мұнай компаниялары қатарында Total, ExxonMobil, CNPC, Inpex және Shell компаниялары бар.

CIR барлау және өңдеу компаниясы 1993 жылы құрылған. CIR "Лукойлдың" еншілес компаниясы ретінде белгілі.

XS
SM
MD
LG