Accessibility links

Назарбаев: Сыртқы нарықты мұқият бақылау керек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізіп, кеңес мүшелеріне сыртқы нарықтағы ахуалды мұқият бақылау жасауды тапсырды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев кеңес мүшелері мен бірнеше мемлекеттік органдар басшыларына "сыртқы нарықтағы процестерді, ықтимал қауіптерді мұқият бақылауды, жағдайдың өзгеруіне баға беруді және оқиғаның дамуына орай алдын алу шараларын жасауды" тапсырған.

Жиында арнайы органдардың қызметін жетілдіру, сараптамалық және болжам жасау жұмыстары сапасын көтеру жайы да талқыланған.​ Назарбаев әлеуметтік-экономикалық даму, бес институционалдық реформа мен "Нұрлы жол" бағдарламасы әлемдегі және ел ішіндегі жағдайды талдап барып іске асыру қажетін айтқан.

XS
SM
MD
LG