Accessibility links

Хадиджа Исмайылды 9 жылға соттауды сұрады


Әзербайжан журналисі Хадиджа Исмайыл.

Әзербайжан журналисі Хадиджа Исмайыл.

Әзербайжан прокуроры әзербайжандық журналист, Азаттық тілшісі Хадиджа Исмайылды тоғыз жылға соттауды сұрады.

Хадиджа Исмайыл 2014 жылы желтоқсанның 5-і күні Турал Мустафаевтың «мені өлімге итермеледі» деп жазған шағымы негізінде тұтқындалған. Кейін журналистке «салық төлеуден жалтарды», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» деген қосымша айыптар тағылған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Исмайылдың өзі тағылған айыптардың саяси астары бар және ол журналистің кәсіби қызметімен байланысты деп санайды. Исмайыл тұтқындалғанға дейін Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен оның отбасының қаржысы туралы бірнеше зерттеу материалдар жариялаған.

Келесі сот отырысы 26 тамызға белгіленді.

XS
SM
MD
LG