Accessibility links

Мәскеу эстон агенті сотын айыптауды терістеді


Эстония арнайы қызметінің офицері Эстон Кохвер сотта отыр. Псков облысы, 2 маусым 2015 жыл.

Эстония арнайы қызметінің офицері Эстон Кохвер сотта отыр. Псков облысы, 2 маусым 2015 жыл.

Ресей сыртқы істер министрлігі батыс елдерінің Мәскеуді эстониялық арнайы қызмет агенті Эстон Кохверді 15 жылға соттауын айыптағанын жоққа шығарды. Министрліктің мәлімдеуінше, сот процесі Ресей заңдары мен халықаралық заңнамаларға сай өткен. "Кохвердің барлық құқықтары сақталды" деген министрлік батыс елдерінің өзін қылмыстық істі "саясиландырып жіберді" деп айыптайды.

Ресей соты 19 тамызда Эстон Кохверді "тыңшылық жасады" деп айыптап, 15 жылға соттаған. Сот Кохверді жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге және 100 мың рубль (шамамен 13 мың АҚШ доллары) айыппұл төлеуге міндеттеген.

Еуропа Одағы мен АҚШ Эстон Кохвердің сотталуын айыптап, мәлімдеме жасаған.

Таллин Эстон Кохверге тағылған айыпты жоққа шығарады. Эстония арнайы қызметінің ұйғарымынша, Кохвер өткен жылы 5 қыркүйекте Эстония территориясында адамға аса зардап шектірмейтін граната жарылысынан қоршауда қалып қойып, Ресей агенттері оны қарумен қорқытып ұрлап әкеткен.

Брюссель мен Вашингтон Мәскеуді сот барысында халықаралық заңнаманы бұзды деп айыптайды. Олар Кохвердің сотта өз құқығын қорғауына толық мүмкіндік берілмеген болуы мүмкін деп алаңдайды.

XS
SM
MD
LG