Accessibility links

Сот Савченко ісін Мәскеуде қараудан бас тартты


Надежда Савченко сотқа видео байланыс арқылы қатыстырылды. Ростов облысы, Ресей, 21 тамыз 2015 жыл.
Надежда Савченко сотқа видео байланыс арқылы қатыстырылды. Ростов облысы, Ресей, 21 тамыз 2015 жыл.

Ресей соты украиналық ұшқыш Надежда Савченконың сотын Мәскеуде өткізу туралы адвокаттар өтінішін қабылдамай тастады.

Дондағы Ростов облыстық соты тамыздың 21-і күні Украинаның Донецк облысында ресейлік екі журналистің қазасына қатысы бар және шекарадан заңсыз өткен деген айыптар тағылған Савченконың соты Ростов облысының Донецк қаласында өтеді деген шешім шығарды.

Шілденің 30-ы күні Ресейдің Ростов облысы Донецк қалалық соты Савченкоға қатысты сот өтетін орынды анықтау үшін сот материалдарын облыстық сот қарауына жіберу туралы оның адвокатының өтінішін қанағаттандырған. Қорғаушылар «Донецк қаласында әділетті сот тыңдауын өткізуге жағдай жасалмаған» деп, сот отырысын Мәскеуде өткізуді сұраған.

Надежда Савченко журналистер қазасына қатысы жоғын мәлімдеп, өзін сепаратистер ұстап, Ресейге заңсыз әкелгенін айтады.

XS
SM
MD
LG