Accessibility links

Ресейде тағы бір ҮЕҰ "шетел агенті" деп танылды


"Шетел агенті" деп танылған "Мемориал" ұйымы кеңсесі сыртына жазылған жазу, Мәскеу. (Көрнекі сурет)

"Шетел агенті" деп танылған "Мемориал" ұйымы кеңсесі сыртына жазылған жазу, Мәскеу. (Көрнекі сурет)

Ресей билігі Шешенстанда орналасқан "Адам құқығын қорғау орталығы" үкіметтік емес ұйымын (ҮЕҰ) "шетел агенті" тізіміне енгізді.

Әділет министрлігінің 21 тамызда хабарлауынша, "Адам құқығын қорғау орталығына" жүргізілген тексеру "ұйымды шетел агенті тізіміне енгізуге мәжбүрлеген". Грозныйда орналасқан бұл құқық қорғау ұйымы министрлік "шетел агенті" тізімен енгізген осымен 87-ұйым болып отыр.

Ресейде 2012 жылдың соңында қабылданған ҮЕҰ туралы заң бойынша, елде "саяси жұмыспен айналысатын" және шетелден қаржы алатын барлық ұйым "шетел агенті" ретінде қайта тіркелуі тиіс.

XS
SM
MD
LG