Accessibility links

Мәскеуде 1991 жылғы тамыз оқиғасын еске алады


1991 жылы тамыздың 19-ы күні ГКЧП бұйрығы бойынша Мәскеуге енгізілген әскери танктерді РСФСР парламенті ғимаратына жібермеу үшін жолын бөгеген адамдар.

1991 жылы тамыздың 19-ы күні ГКЧП бұйрығы бойынша Мәскеуге енгізілген әскери танктерді РСФСР парламенті ғимаратына жібермеу үшін жолын бөгеген адамдар.

Бүгін Мәскеуде 1991 жылғы тамыз оқиғасына арналған акция өтеді.

Ресейлік «Яблоко» партиясының хабарлауынша, Үкімет үйі (бұрынғы Ақ үй) маңында митинг ұйымдастырылып, оған қатысушылар сол жерден Жаңа Арбат және Садовое кольцо қиылысына дейін шерулетіп жүріп өтеді. Дәл сол жерде 1991 жылы тамыздың 21-іне қараған түні Дмитрий Комарь, Владимир Усов және Илья Кричевский қаза тапқан еді.

Билік келісім берген шеруге қатысатындар саны 100 адам деп көрсетілген.

«Яблоко» партиясының жетекшісі Сергей Митрохин бүгінге белгіленген шараға байланысты: «Бұл акцияның саяси мәні қазір өзекті мәселеге айналып отыр, себебі, ГКЧП есе қайтарып, ақыр соңында жеңіске жеткеніне куә болдық және бұл ұзаққа созылатын болса елімізден ештеңе де қалмайды. Сондықтан біз мұны өте маңызды шара деп санаймыз» деп мәлімдеген.

24 жыл бұрын СССР президенті Михаил Горбачев билікті аяқасты құрылған «Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетке» (ГКЧП) беруден бас тартып, азаматтар Мәскеуге кіргізілген әскерге қарсылық танытқан соң мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті сәтсіз аяқталған еді.

1991 жылғы «тамыз бүлігі» туралы фотогалерея:

XS
SM
MD
LG