Accessibility links

Қаражалда екі жасөспірім асылып тұрған күйі табылған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қарағанды облысындағы Қаражал қаласында екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған деп хабарлады бүгін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

Прокуратура дерегі бойынша, тоғызыншы сыныпта оқитын қыз бала мен жергілікті колледж студентінің жансыз денелері бір ағашта асылып тұрған күйі табылған.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалған. Прокуратура мәліметінде мезгілсіз қазаға душар болған екеуінің де жасы кәмелетке толмағаны, жағдайы жақсы отбасының жалғыз баласы болған оқушы қыздың сабақты үлгілі оқығаны, оның сүйіктісі болған жасөспірім ұл да жақсы мінездемеге ие болғаны айтылады.

XS
SM
MD
LG