Accessibility links

CPJ Бакуді Хадиджа Исмайлованы босатуға шақырды


Әзербайжан журналисі Хадиджа Исмайлова.

Әзербайжан журналисі Хадиджа Исмайлова.

Халықаралық журналистерді қорғау комитеті (The Committee to Protect Journalists – CPJ) әзербайжан билігін сотқа тартылып жатқан журналист Хадиджа Исмайловаға тағылған барлық айыптарды алып тастап, оны дереу босатуға шақырды.

Халықаралық комитеттің Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған бағдарламаларының үйлестірушісі Нина Огнянова мәлімдемесінде Бакуде өтіп жатқан сот процесін «сот әділеттігін мазақ ету» деп атаған.

Жұма күні өткен сот отырысында прокурор судьядан Хадиджа Исмайлованы «экономикалық қылмыстар жасағаны үшін» айыпты деп танып, журналисті 9 жылға бас еркіндігінен айыруды сұраған. Сотқа шетелдік елшіліктердің бірнеше өкілі ғана қатысып отыр. Билік тәуелсіз журналистер мен азаматтық белсенділерді сот залына кіргізбеген.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмайлова мен халықаралық құқыққорғау ұйымдары бұл қылмыстық істің саяси астары бар деп санайды. Олардың сөзінше, Әзербайжан билігі елде жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы коррупция, соның ішінде президент Илхам Әлиев пен оның отбасы мүшелерінің күмәнді іс-әрекеттері туралы зерттеу мақалалар жазған журналиске қолдан жасалған айыптар тағып, жазалап жатыр.

Хадиджа Исмайлова журналистика саласы бойынша көптеген халықаралық сыйлықтардың иегері атанған.

XS
SM
MD
LG