Accessibility links

Түркияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркияда биыл қарашаның 1-і күні кезектен тыс парламент сайлауы өтеді. Оған дейін елде уақытша үкімет жұмыс істемек. Оның құрамына парламентте жоқ саясаткерлер де енуі мүмкін. Бұл туралы жұма күні ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеген.

Ердоған келесі аптада қазіргі премьер-министр Ахмет Дәуітоғлына кабинетті жасақтауды ұсынады деп хабарланды.

Түркияның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жаңа коалициялық министрлер кабинетін жасақтау мерзімі тамыздың 23-і күні аяқталады. Бірақ Ердоғанды қолдайтын консервативтік партия оппозициямен әлі мәмілеге келе алған жоқ.

Маусым айындағы парламент сайлауында президент Ердоғанның «Әділет және даму» партиясы, 2002 жылы билікке келгеннен бері алғаш рет, парламенттегі басым орынға ие бола алмай қалған соң оппозициямен келіссөздер бастауға мәжбүр болған еді.

XS
SM
MD
LG