Accessibility links

АҚШ: ИМ-дегі «екінші адамның» көзі жойылды


Ирактың Мосул қаласында жүрген «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мүшелері. Видеодан скриншот.
Ирактың Мосул қаласында жүрген «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мүшелері. Видеодан скриншот.

АҚШ күштерінің Ирактағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы позицияларына берген әуе соққысы нәтижесінде, ИМ басшылығындағы «екінші адам» саналатын Фадхил Ахмад әл-Хаяли (оны Қажы Мутаз деп те атайды) өлген. Бұл туралы АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Нед Прайс мәлімдеген.

Оның сөзінше, Фадхил Ахмад әл-Хаяли отырған автокөлікке тамыздың 18-і күні Мосул қаласында әуеден соққы берілген.

ИМ тобында Ирак пен Сирияға қару-жарақ, жарылғыш заттар мен техникаларды, қаржы және адамдарды жеткізуге жауапты болған Мутаздың қазасы ИМ содырларына жайсыз тиеді деп санайды Ақ үй өкілі.

ИМ жетекшісі Әбу Бакр әл-Бағдадидің көмекшісі болған Фадхил Ахмад әл-Хаяли соңғы екі жылда Ирактағы ИМ тобы жүргізген операцияларда маңызды роль атқарған.

Мосулда жасалған әуе соққысы барысында ИМ тобындағы Абу Абдалла деп аталатын тағы бір содырлар жетекшісінің өлгені хабарланды. Ол ИМ атынан бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысқа басшылық жасаған.

XS
SM
MD
LG