Accessibility links

Қытайда химия зауытында жарылыс болды


Қытайдың Тяньцзинь қаласында жарылыс болған жер. 14 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытайдың Тяньцзинь қаласында жарылыс болған жер. 14 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытайдың шығысында Шаньдун провинциясында сенбі күні химия зауытында болған жарылыс салдарынан 9 адам жарақат алған. Қаза болғандар туралы ақпарат түспеген.

Кәсіпорындағы жарылыс соңы өртке ұласқан.

Қытай баспасөзінің хабарлауынша, жарылыстың әуеге тараған толқыны екі шақырымдай жерге дейін жеткен.

Жарылыс болған зауытта адипонитрил өндіріледі. Бұл сұйық зат жанған кезде ауаға өте улы зат бөледі.

Бұған дейін тамыздың 13-іне қараған түні Қытайдың солтүстік-шығысында портты Тяньцзинь қаласында болған екі жарылыс пен химиялық заттар қоймасындағы өрт салдарынан 121 адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG