Accessibility links

Ресей Қазақстандағы нысанаға зымыран атты


Ресейдің Астрахань облысындағы Капустин Яр полигоны мен Қазақстанның Қарағанды облысындағы Сарышаған әскери полигоны арасын картадан көрсеткен көрнекі сурет.

Ресейдің Астрахань облысындағы Капустин Яр полигоны мен Қазақстанның Қарағанды облысындағы Сарышаған әскери полигоны арасын картадан көрсеткен көрнекі сурет.

Ресей әскери-ғарыштық қорғаныс әскері Ресей Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонындағы нысананы зымыранмен атып сынақ өткізді.

Ресей қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонынан ұшырылған «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыраны Қазақстанның Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға дәл тиген.

Зымыранды тамыздың 22-і күні Астана уақытымен сағат 21:13 кезінде атқан.

Ресей қарулы күштерінің мәліметінше, сынақ баллистикалық зымыранның әскери қуатын тексеру мақсатында жасалған.

XS
SM
MD
LG