Accessibility links

Махмуд Аббас ПАҰ басшылығынан кетті


Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас.

Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас.

Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Палестинаны азат ету ұйымының (ПАҰ) жетекшісі қызметінен кететіні туралы мәлімдеген.

ПАҰ басшылығы өкілдерінің бірі Уассел Әбу Юссефтің айтуынша, Аббаспен бірге ұйымның атқару комитеті мүшелерінің жартысынан көбі отставкаға кеткен. Аббас пен өзгелердің отставкасы туралы шешім Палестина ұлттық кеңесі ПАҰ-ның жаңа басшылығын сайлаған соң күшіне енеді.

Юссефтің хабарлауынша, отставка туралы ресми шешім жарияланғанға дейін ПАҰ атқару комитетіне Саэб Эрекат жетекшілік жасайтын болады. Ол Израильмен келіссөздердегі Палестинаның бас өкілі.

Бұған дейін Махмуд Аббас ПАҰ-дағы негізгі тұлғалардың бірі Абед Раббоны атқару комитетінің жұмысынан шеттеткен еді, бірақ оның себебі айтылған жоқ.

Махмуд Аббас 2004 жылы Ясир Арафат қайтыс болған соң ПАҰ жетекшісі болып сайланып, бір жылдан соң Палестина автономиясының басшысы болған.

XS
SM
MD
LG