Accessibility links

Тегеранда британ елшілігі қайта ашылды


Тегерандағы британ елшілігі алдынан өтіп бара жатқан адамдар. 21 тамыз 2015 жыл.

Тегерандағы британ елшілігі алдынан өтіп бара жатқан адамдар. 21 тамыз 2015 жыл.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммонд бүгін Иран астанасында британ елшілігін қайта ашу рәсіміне қатысып, елшілік алдына британ туын өз қолымен тікті.

Филип Хэммонд Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында «екіжақты қарым-қатынастардың жақсаруындағы тарихи қадам» жасалғаны туралы жазған.

Бұған дейін британ форин-офисінің басшысы соңғы рет Иранға 2003 жылы сапармен барған.

Биыл шілденің 14-і күні Венада Иран мен әлемнің алты мемлекеті – АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай және Ресей арасында Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімге қол қойылған болатын.

Ұлыбритания 2011 жылы Иранмен дипломатиялық байланысын үзген. Сол уақытта «Англияға өлім келсін!» деп айғайлаған радикалдар тобы британ дипломатиялық кеңселеріне басып кіріп, ондағы дүние-мүлікті талқандап, елшілік алдына тігілген британ туын жыртып, өртеп, орнына Иран туын тіккен соң Лондон Тегерандағы өз елшілігі мен Лондондағы Иран елшілігін жауып, ирандық дипломаттарды елден шығарып жіберген еді.

XS
SM
MD
LG