Accessibility links

Пекинде әскери парадқа дайындық өтті


Қытай туы астында тұрған қытай әскерилері. (Көрнекі сурет)
Қытай туы астында тұрған қытай әскерилері. (Көрнекі сурет)

Бүгін Қытай астанасында Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арнап қыркүйектің 3-і күні өткізілгелі отырған үлкен әскери парадқа дайындық өтті деп хабарлады халықаралық агенттіктер.

Парадқа Қытай армиясы бөлімшілері және техникасымен бірге Ресей, Қазақстан, Моңғолия, Куба және тағы бірқатар елдердің әскерилері де қатысады. Қазақстанның құрметті қарауыл ротасының әскери қызметкерлері осы аптаның басында Пекинге аттанғанын бұған дейін Қазақстан қорғаныс министрлігі хабарлаған.

Пекин салтанатты әскери парадты тамашалауға өзге мемлекеттердің басшыларын, солардың арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты да шақырған.

XS
SM
MD
LG