Accessibility links

Ресейде ҰҚШҰ жаттығуы басталды


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің тулары тігілген жерде тұрған әскерилер. (Көрнекі сурет)

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің тулары тігілген жерде тұрған әскерилер. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ресейдің Эстономиямен шекарасына жақын аймақта Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) жедел әрекет ететін ұжымдық күштерінің алты күндік жаттығулары басталған.

Ресей генералы Владимир Шамановтың сөзінше, жаттығу Шығыс Еуропа аймағында «заңсыз қарулы топтар және қарулы жанжалды басып-жоюды меңгеру» мақсатын көздейді.

Ресейдің Псков облысының батысында әскери-әуе десант дивизиясы базасында басталған жаттығуларға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан әскерилері қатысып жатыр деп хабарланды. Ресейден оған бір мыңға жуық әскери, 200-дей көлік құралдары және 40-қа жуық ұшақтар мен тікұшақтар қатысады.

ҰҚШҰ жедел әрекет ететін ұжымдық күштері құрамына енетін арнайы мақсаттағы әскери бөлімшелердің «Өзара іс-әрекет» деп аталатын жаттығулары 2009 жылдан бастап жыл сайын ұйымға мүше елдердің бірінің аумағында өткізіліп келеді. Сол жылы алғаш рет мұндай жаттығулар Қазақстанда өткен еді.

Бұған дейін Ресейде осы жаттығулар 2010 жылы оңтүстік Оралдағы полигондардың бірінде өткізілген.

XS
SM
MD
LG