Accessibility links

Брюссель Минскінің саяси тұтқындарды босатқанын құптады


Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті түрмеден бостандыққа шыққан күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында көптеген жақтастары қарсы алды. 22 тамыз 2015 жыл.

Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті түрмеден бостандыққа шыққан күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында көптеген жақтастары қарсы алды. 22 тамыз 2015 жыл.

Еуропа Одағының (ЕО) өкілдері Беларусь түрмесінен алты саяси тұтқынның босатылуын Минск мен Брюссель қарым-қатынастардағы елеулі прогресс деп атады. ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини мен көршілестер саясаты жөніндегі Еурокомиссия өкілі Йоханнес Хан бірлескен мәлімдемеде беларусь билігі келесі қадамында «бостандыққа шыққандардың азаматтық және саяси құқықтарын жүзеге асыруына» барлық кедергілерді алып тастайды деп үміттенетіндерін білдірген.

Осының қарсаңында Беларусь президенті Александр Лукашенко елде түрмеде отырған, халықаралық құқыққорғаушы ұйымдар «ар-ождан тұтқыны» деп таныған алты оппозиционерге рақымшылық жариялап, бостандық берген еді. Олардың арасында 2010 жылы өткен сайлауда Беларусь президенттігіне кандидат болған Николай Статкевич те бар. Бес жыл түрмеде отырып оралған Статкевичті сенбі күні кешке Минск вокзалында көптеген жақтастары «Қаһарман!» деп ұрандап қарсы алған. Статкевичтің өзі елде «лайықты өмір болуы үшін» саяси күресті жалғастыра беретінін мәлімдеген.

Николай Статкевичтен өзге түрмедегі беларусь анархистері Игорь Олиневич, Николай Дедок, Артем Прокопенко, Евгений Васькович және көшедегі қарсылық акцияларына кеудесіне «Лукашенко, кет!» деген жазумен шыққанымен танылған Юрий Рубцовке де президент Лукашенконың жарлығымен рақымшылық жарияланған.

Николай Статкевичтің Минскіге оралуы жайлы фотогалерея:

XS
SM
MD
LG