Accessibility links

Грекия мен Македонияға бір күнде мыңдаған мигрант өтті


Грекияның Кос аралына келген мигранттар.

Грекияның Кос аралына келген мигранттар.

23 тамыз күні мыңдаған мигрант Грекия мен Македония шекарасынан кедергісіз өткен.

Босқындардың көбі Сирия мен Таяу Шығыстан келген. Шекара маңындағы құқық қорғаушылар мен полиция күнде келіп жатқан толассыз мигранттар легіне тосқауыл қоя алмай жатыр.

19 тамыз күні Македония шекара маңында төтенше жағдай жариялап, оңтүстік шекарасын жауып тастаған. Мигранттардың көбі Македония арқылы Сербия, Венгрия және Еуропа Одағының басқа елдеріне өткісі келеді.

XS
SM
MD
LG